ВКонтакте әлеуметтік желісінің, Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровтың сендерге беретін пайдалы кеңестері: 1. Өзің күнде ішіп-жейтін пайдасыз қоқыстан арыл. Ешқандай құпия және суперэффективті диеталар керек емес - натуралды тағам, жеміс-жидек, көкөніс, таза су. "Үш ақ" - қант, ұн, тұзды тағамдарды азайт. 2. Шет тілдерін үйрен. Бұл харекетпен сен өз санаңның көкжиегің кеңейтіп, басқа елдердің тұрмыс-салтынмен, мәдениетімен танысып, барынша білім сусынымен қанығана аласың. Желіде орысша сөйлейтіндер - 150 миллион, ал ағылшынша - миллиардтан астам. Прогресс эпицентрі ағылшын тілінде сөйлейтін мемлекеттерде орныққан. Ағылшын тілін білу - тек интеллегенттердің мақтану құралы ғана емес, өмірлік қажеттілікке айналды. 3. Кітап оқы. Саған керекті білім облыстары - сенің болашақ мамандығың, тарих, экономика, социология, инженерия, психология, сапалы көркем әдебиет. Кітап оқуға уақыт жоқ - аудиокітаптар тыңда. Алтын қағида - минимум аптасына 1 кітапты оқы/тыңда. Бір жылда 50 кітап оқысаң, өмірге деген көзқарасың 180 градусқа өзгереді. 4. Әрбір демалыс күніңді пайдамен өткіз. Музейге бар, спортпен айналыс, парашютпен секір, кинотеатрға барып қайт. Қоршаған ортаңмен контакт зонасын үлкейт. Жақсы істерден жақсы әсер алған сайын, өмірің қызығырақ бола түседі. 5. Жеке блог немесе интернет-күнделік аш. Не туралы екендігіне бас қатырма. Сенің лексикон байлығының төмендігі немесе сенің блогыңды 10 адам оқитыны маңызды емес. Ең бастысы, сен блогқа жазған кезде өз күніңді, іс-әрекеттеріңді тұжырымдайсын. 6. Клавиатурадағы әріптерге қарамай жазуды үйрен. Уақыт - әр адамның ең маңызды өмірлік валютасы, ал егер сен клавиатурада жазуды әлі үйренбесең, болашақта саған көп уақыт ұстауы мүмкін. Міндетті түрде үйрен. 7. Минимум интернет пен ТВ. Компьютерлік ойындарды ойнауды, белгілі бір мақсатсыз әлеуметтік желіде отыруды азайт. Әлеуметтік желіде әңгімелесуді қысқарт, тек бір аккаунт қалдыр. Ешқашан теледидар көрме. 8. Жаңалықтар көрме/тыңдама/оқыма. Ең маңызды жаңалықтарды айналаңдағы адамдардан-ақ біле аласың. Ал жаңалық көрудің зияны зор. 9. Ерте тұруды үйрен. Бұл пунктте бәрі түсінікті. Ұйқыға кем дегенде 7 сағат бөлуге тырыс. 10. Жылдар бойы жинаған қоқыстан арыл. Соңғы жыл көлемінде кимеген, керек емес киімдерден, заттарды қоқысқа таста. Ең керек деген заттарды қалдыр. Қоқыс лақтырғың келмесе - балалар үйіне тарат.

Теги других блогов: Telegram білім сауық VKонтакте кітап оқу